Ақтөбеде тәртіп сақшысы көмекке мұқтаж екенін ишарамен білдірген жігітті қылмыскерлерден құтқарды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
9 желтоқсанда әкімшілік учаскеде профилактикалық іс-шараларды өткізу барысында кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор Аймереке Мұханбетқазина Әбілқайыр хан даңғылындағы кафелердің бірінің жанында жоғары тонмен сөйлескен үш жас жігітті байқады. Полиция қызметкерін көрген жігіттер бірден тынышталды. Олардың әрекеттері инспектордың күдігін тудырды.
Полицей оларға жақындаған кезде жас жігіттердің бірі адамның көмекке мұқтаж екендігі туралы халықаралық сигнал – қол қимылын көрсеткенін байқады. Жігітке қауіп төніп тұрғанын түсінген Мұхамбетқазина бірден “102” нөміріне қоңырау шалды. Әріптестері келгенге дейін ол құқық бұзушыларды өз бетінше ұстауға тырысты. Ол шабуылдаушылардың бірінің қолында пышақ тәрізді зат бар екенін байқап, оларды әңгімеге тартты.
Осы уақыт ішінде полиция жасағы оқиға орнына жетті. Келгеннен кейін тәртіп сақшылары құқық бұзушыларды ұстады.
Жастар ақшаға қатысты даулы мәселені шешкені анықталды.
Істің өзге мән-жайларын полиция анықтайды. Тергеу жүргізіліп жатыр.