Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Синоптиктер қаңтар айында ауа райы қандай болатынын айтты

Қаңтар - жыл iшiндегi ең суық ай. Ұзақ мерзімді мәліметтерге сәйкес, Сібір аймақтарынан арктикалық ауаның таралу кезінде абсолюттік минималды температураның төмендеуі -48-54 °C дейін мүмкін (мысалы, 1893 жылы 5 қаңтарда еліміздің астанасында -51,6°C тіркелген). ал оңтүстік облыстарда -30-43 °C дейін (1969 ж. 29 қаңтарында Алматы М -30,1 °C) байқалды.


Ауаның максималды температурасы кейбір жылдары +3+9°С дейін жоғарылаған (1948 жылы 09 қаңтарда еліміздің астанасында +5,0°С, 2015 жылғы 08 қаңтарда +3,8°С болды), Қазақстанның оңтүстік бөлігінде +15+22°С дейін жоғарылаған (1940 жылы 05 қаңтарда Алматы М +16,8°С, Шымкент М абсолюттік максимумның тіркелген күні 2002 жылы 4 қаңтарда +22,2°С болды).


Қаңтарда жауын-шашынның мөлшерi республика бойынша таралуы бiркелкi емес, Қазақстанның көптеген бөлiгiнде жауын-шашын 10-нан 30 мм дейiн, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтардың таулы аудандарында көбірек жауады, 40-82 мм құрайды. 1969 жылы Чуулдак М 214 мм байқалды, ал еліміздің астанасында рекорд 1928 жылы орнатылды және 110 мм жауады.


Консультативтік болжамға сәйкес, 2021 жылы қаңтарда республиканың басым бөлігінде ауа температурасы норма шамасында болжануда, Қазақстанның шығыс жартысында 1°C мөлшерден төмен күтіледі.


Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері климаттық норма шамасында, республиканың қиыр батысында – нормадан көп,  солтүстік-батыста, орталықта, Қазақстанның солтүстік мен оңтүстіктің кей жерлерде нормадан аз болжанады.


Қаңтардың бірінші және үшінші онкүндіктерде бірнеше суық толқындар күтіледі. Ауа температурасының едәуір төмендеуін қаңтардың екінші жартысында болжанады, ауа температурасы:


  • солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнде -25-35 °С дейін, кей жерлерде -39 °С дейін, күндіз -20-27 °С дейін;

  • республиканың батысында түнде -20-27 °С дейін, күндіз -10-20 °С дейін;

  • оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда түнде -15-25 °С дейін, жерлерде -30 °С, күндіз -7-15 °С дейін төмендейді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты