Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қызылорда облысында есірткі тасымалдаған түркістандық азамат сотталды

Қызылорда облысында есірткі тасымалдаған түркістандық азамат сотталды
Фото: polisia.kz

Қызылорда облысында есірткі тасымалдаған түркістандық азамат сотталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан қаласының тұрғыны қалааралық такси қызметі арқылы Астана қаласына Huyndai elantra автокөлігімен жолға шыққан. Қызылорда – Павлодар тасжолының бойында такси жүргізушісін полиция қызметкерлері тоқтатып, көлікті қызметтік иттің көмегімен тексереді.

Тексеру барысында көліктің жүксалғышындағы сөмкенің ішінен 150 сіріңке қорабына салынған марихуана шықса, алдыңғы жолаушы орындығының астынан тағы 4 қорап табылған. Табылған заттың салмағы 1 келі 14 граммды құраған. Тергеу іс-шараларын жүргізу барысында такси жүргізушісінде табылған “жүкті” Түркістан қаласының тұрғыны Астанаға жеткізу үшін сәлемдеме ретінде жібергені анықталды. Сәлемдеме жіберуші ұсталды.

Қызылорда соты ұсталған адамды ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, оны он екі жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді