Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ “Қорғас” ШЫХО-да заңсыз ұйымдастырылған притондар мен казинолардың жолын кесті

ІІМ “Қорғас” ШЫХО-да заңсыз ұйымдастырылған притондар мен казинолардың жолын кесті
Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі ҰҚК-мен бірлесіп, “Қорғас шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы” АҚ аумағындағы сауықтыру орталығы мен қонақ үй кешенін бүркемелеп, заңсыз ұйымдастырылған притондар мен казинолардың жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған әрбір нысан тәулік бойы жұмыс істеп, күзетпен және қатаң фейс-бақылаумен қамтамасыз етіліп, негізінен шетелдік азаматтарды ғана қабылдап отырған.

Қылмыстық “бизнес” жоғары пайда мен құпиялылықты уәде ете отырып, Қазақстанның жас қыздарын алдап-арбау арқылы жыныстық құлдыққа тартуға бағытталған.

– Жетісу облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және ҰҚКД 5 басқармасының қызметкерлері прокуратурамен келісе отырып, бес негізгі фигурантты, оның ішінде екі шетелдік азаматты ұстады.

Сондай-ақ интимдік қызмет көрсетумен айналысатын 18 жастан 36 жасқа дейінгі жалпы 21 адам жеткізілді, оның ішінде 6 шетелдік әйел.

Тінту іс-шараларының нәтижелері бойынша ақша, ойын автоматтары, покер үстелдері және басқа да заттай дәлелдемелер алынды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Жетісу облысының полиция департаментімен жүргізіледі, – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты