Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды облысында болған жол апатынан 3 адам көз жұмды

Қарағанды облысында болған жол апатынан 3 адам көз жұмды
Фото: polisia.kz

Қарағанды облысында болған жол апатынан 3 адам көз жұмды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Үш адамның өмірін жалмаған жол апаты Қарағанды – Балқаш тас жолында болған.

– 19 қазан күні сағат 02:00 шамасында Қарағанды облысы Шет ауданында Қарағанды – Балқаш тас жолының Ақжал кентінен 10 шақырым жерде Chevrolet Cobalt автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі Қарағандыдан Балқашқа қарай бағыт алып бара жатып, алдын ала болжам бойынша, ұйықтап кетіп, жолдың қарсы бағытына шығып, 47 жастағы азаматтың басқаруындағы Mercedes Actros жүк көлігіне соқтығысқан. Жол -көлік оқиғасы салдарынан Chevrolet Cobalt автокөлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, – деді Шет аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Қуаныш Қажкеров.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Полиция қызметкерлерімен оқиғаның мән жайы анықталып жатыр.

Полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерден жылдамдықты шектен тыс асырмай, жолдың қарсы бағытына шықпауға кеңес береді. Сондай-ақ түнгі уақытта жол жүргенде ұйқы келген жағдайда тынығып, демалғаннан соң жол жүру керектігін ескертеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті