Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Семейде жол бойындағы әжетханадан 4 жасар баланың мәйіті табылды

Семейде жол бойындағы әжетханадан 4 жасар баланың мәйіті табылды
Фото: pixabay.com

Семей қаласының іргесінде жол бойындағы әжетханадан бала мәйіті табылып, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Бейресми ақпаратқа сүйенсек, ата-анасы 4 жасар баласын күтушіге қалтырып кеткен. Бірақ анасы үйге келгенде баласы жоқ болып шықты. Оның мәйітін күтушінің күйеуі сөмкеге салып, қала шетіндегі әжетханаға лақтырған көрінеді. Бүлдіршіннің нақты неден көз жұмғаны белгісіз.

Полиция оқиғаны растап, тергеу басталғанын мәлім етті. 

«Төрт жасар бала өлімі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Қазіргі уақытта күдікті ұсталды. Қылмыстық іс бойынша бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған іс-шаралар кешені жүргізілуде», - деп хабарлады Абай облыстық Полиция департаментінен.

Ведомство дерегінше, қылмыстық істі тергеу департамент пен прокуратура басшылығының ерекше бақылауында. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етілмейді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады