Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбе облысында көпбалалы әке үйінің шатырында есірткінің үлкен партиясын сақтаған

Ақтөбе облысында көпбалалы әке үйінің шатырында есірткінің үлкен партиясын сақтаған
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында көпбалалы әке үйінің шатырында есірткінің үлкен партиясын сақтаған, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

21 қыркүйек күні Ақтөбе облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақтөбе облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, “Қарасора – 2023” жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қызметтік итті қолдана отырып, есірткіге масаң күйдегі ер адамды ұстады.

Ұсталған 45 жастағы ер адамды тұрғылықты жері бойынша тінту кезінде үйінің шатырынан ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік заттары салынған бір қап табылды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 23 келі 500 гр марихуана есірткі құралы екені белгілі болды.

Осы факті бойынша ұсталған адамға қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Бұл ретте күдіктінің алты кәмелетке толмаған баласының бар екені анықталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты