Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздары марапатталды

Алматы облысында «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздары марапатталды
Фото: Алматы облысының әкімдігі

Алматы облысында Еңбек күніне орай салтанатты шара ұйымдастырылды. Шараға облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Әбдірахым қатысып, халықты мерекемен құттықтады, деп хабарлайды kazlenta.kz.


«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек», - десе, Ұлттық құрылтайда «Адал еңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістікке жетеді, құрметке ие болады», - деп, «Адал еңбек. Адал азамат» тұжырымдамасын ілгерілетуде. Замандар тоғысып, ақпараттық алаң кеңейген тұстақоғамдық санада, өскелең ұрпақ бойында еңбек культін орнықтыру маңызды. Бүгінгі салтанатты шара осы мақсатта ұйымдастырылып отыр», - деді әкімнің орынбасары.

Сондай-ақ ол жастарды жұмыспен қамту, қолдау үшін облыста қолға алынған шаралар жөнінде айтты.

«Жастардың бойында еңбек дағдыларын қалыптастыру, тәжірибе жинақтауына мүмкіндік жасау мақсатында «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар тәжірибесі», «Ұрпақтар келісім-шарты» жобалары жүзеге асырылып жатыр. Бүгінгі таңда өңірдің 331 жас азаматтары 2,5%-дық шағын несие алды.Жыл соңына дейін бұл сан 375-ке жетеді деп жоспарланған», - деді Нұрлан Әбдірахым.

Содан кейін облыс әкімінің орынбасары республикалық «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік жеңімпаздарын марапаттады:

•«Үздік еңбек әулеті» номинациясы – Антонина Мықтыбаева (Арна орта мектебі директорының орынбасары, мұғалімдер әулетінен шыққан);

•«Өндірістің үздік жас маманы» номинациясы - Айжан Жунусова («Филип Моррис Казахстан» ЖШС оқыту өндірісінің және процесс бойынша инженерлер тобының жетекшісі);

•«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы - Думан Салимахунов («У.Қантаев атындағы Мойнақ ГЭС-те» станция ауысым бастығы).

Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда