Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қызылорда облысында бақташы 9 млн теңгенің малын ұрлап, сатып жіберген

Қызылорда облысында бақташы 9 млн теңгенің малын ұрлап, сатып жіберген
Фото: polisia.kz

Қызылорда облысында бақташы құны 9 млн теңге болатын 21 түйені ұрлап, сатып жіберген, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылордалық полицейлер өзгенің малын сатқан бақташыны ұстады.

2021 жылдың көктемінде Қызылорда облысының Қазалы ауданында ауыл шаруашылық мекемесінің басшысы 53 түйесін жергілікті бақташыға сеніп тапсырған. Уақыт өте малын санағанда едәуір бөлігі жоқ болып шыққан. Аудандық полиция бөліміне арызданған ол 21 түйесінің жоғалғанын айтты.

Тексеру жұмыстарын жүргізген полиция қызметкерлері бұл жайтқа бақташының қатысы бар екенін анықтады.

Қылмысқа күдіктелген бақташы малдардың көп бөлігін иемденіп, сойып, етін сатып, ал ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған. Жалпы, жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 9 миллион теңгеден асты.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдікті Қазалы аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды