Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-ның бірден үш тұрғыны жеңгетайлық жасады деген күдікке ілінді

СҚО-ның бірден үш тұрғыны жеңгетайлық жасады деген күдікке ілінді
Фото: pixabay.com

СҚО-да жедел уәкілдер жеңгетайлық жасады деген күдікпен жалға алушы мен сауналардың екі әкімшісін ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысының бірден үш тұрғыны жеңгетайлық жасады деген күдікке ілінді. Олардың барлығының облыс орталығындағы сауналармен байланысты бизнеске қатысы бар.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне Петропавл қаласындағы сауналарды жалға алып отырған қала маңындағы ауылдардың бірінің 38 жастағы тұрғыны жеңгейталықпен айналысуы мүмкін екені туралы жедел ақпарат келіп түсті. Бұл әйелдің бұрын осындай заң бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабының 1-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Жалға алушы мен сауналардың әкімшілеріне қатысты жүргізілген тергеу әрекеттері шеңберінде ҰҚҚКБ қызметкерлері қылмыстық әрекеттерді нақты болғанын анықтады. Әсіресе, Универсальная көшесіндегі сауналардың бірінде жасалған жеңгетайлық фактісі тіркелді. Әкімші мекеме клиенттеріне интимдік қызмет көрсетуге ақшалай сыйақы үшін жеңіл жүрісті қызды шақырған. Дәл осындай факті Труда қысқа көшесіндегі саунада да анықталып, әкімшісі ұсталды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 309-бабының 1-бөлігі бойынша жалға алушы мен сауналардың екі әкімшісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР ҚК-нің 309-бабының санкциясына сәйкес, жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау, сол сияқты пайдакүнемдiк мақсаттағы жеңгетайлық үшін бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Жыл басынан СҚО ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері жеңгейталықтың 4 фактісін анықтады. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді