Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ Астана мен Қарағандыда арнайы операция жүргізді

ІІМ Астана мен Қарағандыда арнайы операция жүргізді
Фото: бейне скриншот

23 тамыз күні Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен Астана және Қарағанды қалаларының аумағында Қарағанды облысындағы криминогендік жағдайға теріс әсер ететін қылмыстық топты құрықтау бойынша кең ауқымды арнайы операция жүргізді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Топ мүшелерінің тау-кен өндіруші компаниялардың бірінің тауарлық-материалдық құндылықтарын ұрлауға, есірткі мен атыс қаруын сақтауға, сондай-ақ 2022 жылы қылмыстық текетірес кезінде Қарағанды тұрғынын өлтіруге оқталу фактісіне қатысы бар екені анықталды.

Осы қастандықты жасамақ болған топтың болжамды “киллері” көрші мемлекеттің аумағында ұсталды.

– 70 тінту іс-шарасы өткізілді, соның нәтижесінде тоғыз қару, 400-ге жуық оқ-дәрі, пышақтар, радиостанциялар, үлкен көлемде ақша және басқа да заттай дәлелдемелер табылып, тәркіленді.

Полицияға 28 адам жеткізілді, оның ішінде топтың 12 белсенді мүшесі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қылмыстық кодекстің бірнеше баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, тиісті сараптамалар тағайындалды, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.<!--more-->


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты