Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

БҚО-да жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен 18 жастағы жігіт өлі күйінде табылды

Осыдан төрт күн бұрын Батыс Қазақстан облысында із-түзсіз жоғалып кеткен 18 жастағы жігіт өлі күйінде табылды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті, деп хабарлайды "Мой город" басылымына сілтеме жасаған kazlenta.kz.

Айта кетейік, бұған дейін басылымға Орал қаласының тұрғыны Жанат Хамидуллина ұлы Ерасыл Төлеуғалиннің 21 тамызда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткенін хабарлаған еді. 18 жастағы жігіт колледждің үшінші курсында оқитын. Демалыс кезінде Ерасыл Ақжайық ауданындағы туыстарына барып, үй шаруасына көмектесуді ұйғарған.

"21 тамыз, жексенбі күні қорада өрт шығып, ондағы шөп жана бастаған. Күйеуімнің ағасы ұлдары мен Ерасылға малды алысқа айдап жіберуді тапсырған. Балалар малды алысқа айдаған соң, Ерасыл қалғандарына үйге қайта беріңдер деп, өзі әлдебіреумен сөйлесетінін айтып, өзен жағасында қалып қойған. Осыдан кейін оны ешкім көрмеген. Содан бірден іздей бастадық. Бәлкім, ол бірдеңеден қорқып қалған шығар, мүмкін шок жағдайында болды ма екен", – деп бөлісті оның анасы.

25 тамызда Ерасыл Оралға оралуы керек болатын. Алайда бүгін сүңгуірлер оның денесін Жайық өзінен алып шыққан. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді