Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Петропавлда 16 көшеге қазақша атау берілді

Петропавлда бұған дейін нөмірленіп келген 16 көше жаңа қазақша атауға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Петропавл қалалық әкімдігінде «Солнечный-2» шағын ауданындағы көшелерге жаңа атау беру бойынша жиын өтті. Бұған дейін құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдерінен және осы шағын ауданның тұрғындарынан көшелерді жаңаша атау бойынша 4 өтініш түскен. Жұмыс тобы оны шілде айының басында қарады. Тиісті тәртіп бойынша көшелерді жаңадан атау бойынша материалдар тұрақты комиссияда қоғамдық тыңдау өткізу үшін Петропавл қалалық мәслихатқа жіберілді. Жұмыс тобының мүшелері, сондай-ақ қалалық мәслихаттың депутаттары, Петропавл қаласы әкімдігінің өкілдері, облыс орталығының тұрғындары ортақ шешімге келе отырып, бұған дейін нөмірленіп келген көше атауларына мынадай атау беруді жөн көрді:

№1 көше - Шаңырақ, №2 көше - Ынтымақ, №3 көше - Саяхат №4 көше - Баянды №5 көше - Шабыт №6 көше - Думан №7 көше - Аққайың №8 көше - Қайнар №9 көше - Достық №10 көше - Көктерек №11 көше - Татулық №12 көше - Сарыарқа №13 көше - Ұлытау №14 көше - Отбасы №15 көше - Жарқын №16 көше – Орда деп аталды.

«Өздеріңіз байқаған шығарсыздар, көшелердің бір де біреуіне кісі атын, не ақынның не танымал тұлғаның есімін берген жоқпыз. «Солнечный-2» қаланың шеткері ауданы, түсініспеушіліктер болмауы үшін осылайша бейтарап, әрі әдемі қазақша атау беруді дұрыс деп таптық», - дейді Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Асқар Хабибулин.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты
Олжас Бектенов IV қысқы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына Мемлекет басшысының алғыс хаттарын табыс етті