Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Костанай облысында «Кондитерлік астана» кешені іске қосылды

Костанай облысында  «Кондитерлік астана» кешені іске қосылды
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Қостанай облысында тамақ өнеркәсібіндегі ірі инвестициялық жобалардың бірі – «Баян Сұлу» акционерлік қоғамының «Кондитерлік астана» технологиялық кешені іске қосылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу үлесін 70%-ға дейін жеткізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес қолға алынуда.

Ол қосылған құны жоғары өнім өндіруге және отандық өндіріс көлемін ұлғайтуға бағытталған.

Бүгінде кәсіпорынға 14,6 млрд теңге инвестиция салынды.

Қосымша өндірістік желілер орнатылғаннан кейін инвестициялардың жалпы көлемі 20 млрд теңгеге дейін жеткізіледі.

Жаңа кешен жыл сайын қосымша 16,6 мың тонна кондитерлік өнім өндіреді. Негізгі басымдық бисквит өнімдері мен печенье өндірісіне беріледі.

Өндірістің ұлғаюы кәсіпорынға өнім түрлерін едәуір кеңейтіп, өндіріс көлемін ұлғайтуға және нарықтағы жоғары бәсекелестік жағдайында қазақстандық өндірушінің ұстанымын нығайтуға жол ашады және компанияның экспорттық әлеуеті де артады.

Сонымен қатар, өңір экономикасының дамуына да оң ықпал ететін болады.

Кәсіпорын қызметінен түсетін салық түсімдері жылына 4 млрд теңгені құрайды деп күтілуде. Өндіріс көлемінің өсуі көлік-логистика саласына, шикізат пен орау материалдарын жеткізушілерге, сондай-ақ аралас салалардағы басқа да кәсіпорындарға қосымша серпін бермек.

«Баян Сұлу» - 50 жылдан астам тарихы бар Қазақстандағы ірі кондитерлік кәсіпорындардың бірі. Компанияның өнімдері ішкі нарықта ғана емес, ТМД елдеріне, Еуропа мемлекеттеріне және Қытайға да экспортталады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
64 комментария
  • Gay
  • 30-10-2026, 05:18
  • : 05:18
References: Neosurf casino no id australia https://guzhen0552.cn/home.php?mod=space&uid=2577205
  • Marti
  • 30-10-2026, 06:02
  • : 06:02
References: MiFinity casino real money nlvbang.com
  • Bernie
  • 30-10-2026, 15:24
  • : 15:24
References: Best direct bank transfer casinos australia real money bank wire casino australia
  • Florian
  • 01-11-2026, 02:56
  • : 02:56
Casinos often pair bank transfer deposits with specific pokie bonuses - sometimes free spins on hot titles, sometimes deposit-matched bonus cash. Once verified, you're essentially confirmed for life - subsequent withdrawals process without additional paperwork. PayID transfers settle almost instantly - usually within minutes of authorisation. Australian casinos typically don't charge players for bank transfer casino withdrawal Australia transfer deposits, making this one of the few genuinely free payment options.
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды