Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбе облысы экс-әкімінің соты: жер телімін төмен бағада сату жолы белгілі болды

Ақтөбе облысы экс-әкімінің соты: жер телімін төмен бағада сату жолы белгілі болды
Фото: pixabay.com

Ақтөбе қалалық сотында облыстың экс-әкімі, «Ақтөбе» ӘКК-нің бұрынғы басқарма төрағасы Ермек Имантаевқа қатысты істе айыптау актісі оқылды. Онда жер телімін төмен бағада өткізу жолы көрсетілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бабы бойынша қаралып жатыр. Мемлекетке келтірілген шығынның жалпы көлемі – 199,4 млн теңге.

Іс материалына сүйенсек, 2010 жылдың қыркүйегінде «Сервис Уюта» ЖШС мен «Ақтөбе» ӘКК» АҚ арасында коттедж үлгісіндегі тұрғын үйді салу жөніндегі инвестициялық жоба келісімшартына қол қойылады. Оған әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы пайызсыз 200 млн теңге бөледі. Тұрғын үй құрылысын жүргізу 2014 жылдың желтоқсан айына дейін шегеріліп, қарызды қайтару келісімі 2016 жылдың желтоқсанына бекітілген. Сөйтіп, «Сервис Уюта» ЖШС Благодарный ауылындағы ауданы 23,9 гектар болатын жерді кепілге салады. Бұл жерде жеке тұрғын үй салу статусы болған. Тәуелсіз бағалаушылар оның нарықтағы бағасы 219,6 млн теңге деп бағалады. Дегенмен, құрылыс жүрмеді. Сөйтіп сот болып, серіктестіктен ӘКК-нің пайдасына 199,4 млн теңге өндіру туралы шешім шығарды.

2019 жылдың қараша айында тағайындалған Ермек Имантаев 2020 жылдың мамыр айында жер сатуды мақсат етеді. Жер телімінің құнын төмен түсіріп, алдын ала келісілген адамға аударады. Кейін көпқабатты тұрғын үйге арналған жер теліміне ауыстырып, Батыс-3 шағын ауданына үшінші адамға сатады. Имантаев өз мақсатына жету үшін өзінің қоластындағы қызметкерді жұмсайды. Ол бұрын Қылмыстық кодекстің 178-бабы бойынша сотталған бас менеджер Медеубаевпен келісіп, қылмыстық жоспарымен бөліседі, - деді мемлекеттік айыптаушы сотта.

Сот-медициналық сараптама кезінде құжаттардың қайта жасалғаны, беймәлім адамдардың құжатқа қол қойғаны анықталған.

Ақдәулет пен Асыловқа қол қоюды міндеттейді. Олар келіспейді. Аманов өз үйінде отырып, хаттамаға қол қояды. Кейін Кемалов хаттаманы рәсімдеп алады. Ал, қол қоймаған адамдардың қолтаңдасын өзге біреулер қойып жіберген. Сол кездегі Ақтөбе қаласы әкімінің де шешімі қате болғаны айтылды.

2020 жылы әкімдік Благодарный ауылындағы жерді, кейін аты өзгерген Садовая-507 мекенжайындағы аумақты Батыс-3 шағын ауданындағы 9,8 га болатын жерге алмастыруға болатын шешім шығарады. 2021 жылдың 28 сәуірі күні Экономикалық тергеу департаменті сот алды тергеу бастады. Ермек Имантаев ол кезде қызметінен кетті. 2022 жылдың ақпан айында Ақтөбе қалалық жер қатынастары бөлімі барлық келісімшартты негізсіз деп тануға сотқа арыз түсіреді. Сот келісімшартты негізсіз деп танып, күшін жояды. 2022 жылдың маусым айында Ақтөбе қаласы әкімінің бұрынғы шешімі өз күшін жойды. Сөйтіп, 2020-2022 жылдары аралығында Имантаев сол кезде «Ақтөбе» ӘКК» АҚ-ның департамент басшысы болған Медеубаевпен бірге 199,4 млн теңге шығын келтірді, - деді мемлекеттік айыптаушы.

Сот отырысы жалғасып жатыр. Алдымен куәгерлерден жауап алынды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді