Алдағы үш күнде Қазақстан аумағының басым бөлігіндегі ауа райына антициклон әсер ететін болады, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Оның келуімен жауын-шашын біртіндеп тоқтап, температураның көтерілуі күтіледі. Қазақстанның батысына Мәскеу аудандарынан циклон ықпал етеді, ол жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, екпінді жел, дауыл тудырады, бұршақ түсуі мүмкін.