Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде 30 және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар мұғалімдер Ұлттық біліктілік тестін тапсырмайды

30 және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар педагогтер Ұлттық біліктілік тестілеуін (ҰБТ) тапсырудан босатылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. 

Ведомствоның мәліметінше, енді 30 және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар мұғалімдер қызмет нәтижесінің жан-жақты аналитикалық қорытындысын, яғни портфолионы ғана тапсырады. Сондай-ақ ескі жүйе бойынша "бірінші", "жоғары" санаттары бар мұғалімдер жұмыс нәтижесін жан-жақты қорытындылау арқылы "педагог-модератор" біліктілік санатына ауысса, онда Ұлттық біліктілік тестілеуінен босатылады. Сонымен қатар зейнет жасына шығуға төрт жылдан аспайтын уақыт қалған мұғалімдер де аттестациядан босатылады.
"Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдердің аттестациядан өту ережесіне өзгерістер енгізді. Бұл ретте педагогтердің ұсыныстары мен тілектері ескерілді. Мысалы, бұрын еңбек өтіліне және тәжірибесіне қарамастан барлық мұғалім ҰБТ тапсырса, енді жекелеген санаттар ҰБТ-дан босатылады. Бұл үлкен, 30 жыл педагогикалық өтілі бар, зейнетке шығуға 4 жыл қалған мұғалімдерге де қатысты. Аттестация мұғалімдердің біліктілік деңгейін анықтау мақсатында өткізілетінін, оның нәтижесі бойынша оларға біліктілік санаттары тағайындалатынын немесе бекітілгенін және жалақының 30-дан 50 пайызға дейінгі мөлшерінде ай сайынғы үстемеақы төленетінін атап өтемін", - дейді Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитеті төрағасы Гүлмира Каримова. 
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді