Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарда тұрғын "Киндер" тәттілерін ұрлады деген күдікке ілінді

Павлодардағы жанармай құю бекеттерінің біріндегі дүкеннен "Киндер" тәттілерін ұрлады деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды. Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады, деп жазады kazlenta.kz

Ведомствоның мәліметінше, полицияға Павлодар қаласының жанармай құю бекеттерінің бірінің басқарушысы жүгінген. Ол бекет жанындағы дүкеннен белгісіз адам сатушылардың өзге іспен айналысып жатқан сәтін пайдаланып, "Киндер" шоколадтарын ұрлап кеткенін айтып, шағымданған. Істің мән-жайын анықтау үшін тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларын қараған.

"Ол алғашқы ұрлықты тамыз айында жасаған және бұл әрекет байқалмай қалады деп ойлап, бір айдан кейін дүкенге қайта келген. Ер адам сатушылардың сатып алушылармен сөйлесіп тұрған сәтін пайдаланып, тәттілерді қалтасына және сөмкесіне салып, дүкеннен шығып кеткен. Келтірілген залал 10375 теңгені құрады", – дейді облыстық ПД-ның баспасөз қызметіндегілер.
 
Жауап алу барысында ұсталған ер адам шоколадты сатқанын, қалғанын өзі жегенін айтқан. Құзырлы орган өкілдері ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 187-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын атап өтті. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді