Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Джокович жетінші рет "Уимблдон" турнирінің чемпионы атанды

35 жастағы сербиялық теннисші, әлемнің 3-ракеткасы Новак Джокович "Уимблдон-2022" турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Kazlenta.kz

Ерлер арасындағы жекелей сынның финалында Новак Джокович әлемнің 40-ракеткасы, австралиялық Ник Кирьосты жеңді. Олардың арасындағы ойын 4 сетке созылып, 4:6, 6:3, 6:4, 7:6(3) есебімен аяқталды.

Осылайша, сербиялық теннисші "Үлкен дулыға" турниріндегі 21-інші, соның ішінде "Уимблдондағы" жетінші титулына қол жеткізді. Ол "Уимблдон" турнирінің 2011, 2014, 2015, 2018, 2019, 2021, 2022 жылдардағы чемпионы атанып отыр.

Айта кетейік, әйелдер арасындағы жекелей сында биыл отандасымыз Елена Рыбакина алғаш рет "Уимблдон" турнирінің жеңімпазы атанды. Финалда ол әлемнің 2-ракеткасы, тунистік Онс Жаберді жеңді. Бұл Қазақстан үшін тарихи жеңіс. Себебі осы уақытқа дейін ешбір қазақстандық теннисші "Үлкен дулыға" жарысының титулын иеленбеген еді. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Kazakhstan Paramount Engineering зауытының жұмысымен танысты
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды