Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елена Рыбакина Токио турнирінде жеңіліп қалды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 22-ракеткасы Елена Рыбакина Токио WTA 500 турнирінің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz


Осы жарыстың 8-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 30-ракеткасы, ресейлік Людмила Самсоновамен кездесті. Ресейлік спортшы 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.


Сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта Е.Рыбакина 7 эйс жасағанымен, 3 брейк-пойнтын пайдалана алмады. Қарсыласы 6 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды. Л.Самсонова екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 78-орында тұрған қытайлық Синью Ванмен ойнайды.


Жүлде қоры 757,9 мың АҚШ долларына бағаланған Токио додасы 25 қыркүйекте аяқталады. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Алматыда паратеннистен алғашқы ел чемпионатының жеңімпаздары анықталғанын жазған болатынбыз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді