Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атыраулықтардың мемлекеттік қызметтерді бір жерден алуына мүмкіндік жасалды

Атырау қаласының халыққа қызмет көрсету орталығы жаңа ғимаратқа қоныс аударды»,  деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Бұл бастама Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "бір терезе" қағидаты бойынша облыс әкімдігінің қолдауымен жүзеге асты. Мұндағы негізгі мақсат - халыққа ыңғайлы жағдай жасау. Осы тұрғыда аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовтің өзі 6 қабатты жаңа ғимаратты түгелдей аралап, қызмет көрету сапасын қарап шықты.  

 
- Жаңа орталық заманауи талапқа сай жабдықталған. Ғимараттың бірінші қабатында цифрлық орталық орналасқан. Мұнда 30 адам бір уақытта «өзіне-өзі қызмет көрсету» мұмкіндігін пайдалана алады. Ал екінші қабатта қызмет көрсету залы жұмыс жасауда. Бұл жерде бір уақытта 30 қызмет алушыны қабылдауға мүмкіндік бар, залдың сыймдылығы 100 орын. Үшінші қабатта әлеуметтік қамсыздандыру мекемелері қызмет көрсетеді. Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті төртінші қабатта  орналасқан, - деп түсіндірді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Мұса Хайруллиев.

Бұдан бөлек, орталықта тұрғындардың ыңғайлылығы үшін кеңесшілер, құжаттандыру мен халықты тіркеу, дайын құжаттарды беру секторлары,  сондай-ақ, балалар ойнайтын шағын бөлме орналасқан. Сонымен қатар, жаңа ғимаратта азаматтардың операторларды күтпей-ақ, өз беттерімен электрондық қызметтерді пайдалануына  бар жағдай жасалған.


- Енді атыраулықтарға өздеріне қажетті мемлекеттік қызметтерді бір жерден алуға мүмкіндік бар. Бұрынғыдай бір анықтама үшін қаланың арғы шеті мен бергі шетіне барып жүрмейді, - деп атап өтті филиал директоры.

Сондай-ақ, облыс әкімі ХҚКО-ға келген тұрғындармен және орталық қызметкерлерімен тілдесті. Десе де, бірнеше тұрғын жаңа ғимаратта мемлекеттік қызметтерді алуға барлық жағдай жасалғанын, алайда жаңа мекен-жайға қатынайтын автобус санының аздығы қолайсыздық тудырып отырғанын жеткізді. Басты мақсат халыққа қолайлы жағдай жасап, сапалы қызмет көрсету екеніне тоқталған  өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов жауапты мамандарға жуық арада осы мәселенің шешімін тауып,  азаматтардың  жаңа мекен-жайға еш кедергісіз қатынауы үшін автобус санын көбейтуді тапсырды.

Айта кетейік, ХҚКО-ның жаңа ғимараты Нұрсая ықшамауданы, Әбілқайыр хан 66 мекен-жайында орналасқан.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді