Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысы - діни келісім мен бейбітшіліктің мекені

Жамбыл облысы - діни келісім мен бейбітшіліктің мекені
Фото: Pexels.com/Monstera

Мемлекеттік басқарудың түрлері көп. Әлемде жүз тоқсан мемлекет болса осы мемлекеттер демоктариялық зайырлы басқару моделін немесе теократиялық басқару жүйесін ұстанатындар. Теократиялық моделмен басқаратын мемлекеттерде тек бір дінге ғана басымдылық беріліп, басқа діндер жаншылады, қудаланады және қақтығыстар болып тұрады. 

Бұндай басқару үлгісін ұстанатын елдерде адамның діни сенім бостандығы қорғалмайды. Бұл әрине адам құқықтарын қорғау декларациясына қайшы. Сондықтан, біздің мемлекет азаматтарымыздың діни сенімін қорғау, конфессияаралық келісімді сақтау мақсатында демоктариялық, зайырлы, құқықтық мемлекет деп жариялаған. Дегенмен, кейбір адамдар зайырлылықта атеизммен теңестіріп жатады. Бұл әрине қате пікір. 

«Зайырлық дегеніміз - «атеизм» немесе «дінді жоққа шығару емес», керісінше – адамның ар-ождан бостандығына, діни сенім еркіндігіне кепілдік беруді білдіреді. Зайырлылық – қоғамның кез келген мүшесіне, оның діні, тегі, нәсіліне қарамастан, әр адамның қандай да бір дінге сену, сенбеу мәселесіне араласпайтын ұстаным. Яғни, бұл ұстаным – адамның ар-ожданының, моральдық болмысының еркіндігіне мүмкіндік беретін, мемлекет азаматтарының арасындағы қарым-қатынасты тек құқықтық негізде шешуді қамтамасыз ететін бүгінгі мемлекеттік басқару жүйесінің ең басты тетігі.

Осы зайырлылық ұстанымына сәйкес Жамбыл облысында 11 конфессиядан тұратын ислам, христиан т.б. дін өкілдері өздері ұнатқан сенімдерін ұстанып құлшылығын жасап тату тәтті өмір сүруде. Дінаралық келісім мен татулықты ілгерілету мақстанда Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасы мен Дін проблемаларын зерттеу орталығының мамандары жастар (студент жастар, өзін өзі жұмыспен қамтушылар, жұмыссыздар), жасөспірімдер, интернат тәрбиеленушілері, сауда орындары, қандастар, еңбек мигранттары, вахталық жұмыспен айналысатын тұлғалар, қоғамдық көлік қызметкерлері, жұмыссыздар және оның жиналатын орындары, әлеуметтік осал топтар, аз қамтылған отбасылар, табысы төмен көп балалы аналар, тұрғындардың маригинал бөлігі, түзеу мекемесінен босап шыққан азаматтар және олардың туыстарына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүрзігуде.

Бұндай жұмыстар өз кезегінде облыстағы діни тұрақтылыққа септігін тигізуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді