Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

БЖЗҚ көрсететін қызметтер саны өткен жылға қарағанда 46 пайызға өсті

Бүгінгі таңда елімізде 1 қазандағы жағдай бойынша БЗЖҚ қоры салымшыларының шоттарында шамамен 13,1 трлн. теңгеден астам зейнетақы жинағы бар. Жарналардың барлық түрі бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотының саны 11,7 миллион бірлік, таза инвестициялық табыс 1,1 трлн. теңге болса, жыл басынан бері БЖЗҚ салымшыларына 2,1 трлн. теңгеден астам қаражат төленген. Ал Алматы облысында міндетті зейнетақы жарнасынан қалыптасқан, жалпы жинағы 570 млрд. теңгені құрайтын 738207 жеке зейнетақы шоты, міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасынан қалыптасқан, жалпы жинағы 3,7 млрд. теңгені құрайтын 11026 жеке зейнетақы шоты және ерікті зейнетақы жарнасынан қалыптасқан, жалпы жинағы 44,7 млн. теңгені құрайтын 2 654 жеке зейнетақы шоты бар, деп хабарлайды kazlenta.kz.

БЗЖҚ-да ең көп талқыланатын тақырыптың бірі – қазақстандықтардың өз жинағының бір бөлігін ағымдағы кезек күттірмейтін қажеттілікке, атап айтсақ, тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделуге пайдалану құқығы. Сондай-ақ, салымшыға инвестор болу – инвестициялық портфельді басқарушыны таңдау және оған өзінің зейнетақы жинағының бір бөлігін аудару мүмкіндігі пайда болды.

Жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану және инвестициялық портфельді басқарушыға аударудың басты шарты – жинақтардың жеткілікті шегінен асатын бөлігінің болуы. Бұл мүмкіндікті көптеген жыл тұрақты түрде (қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесіне биыл 23 жыл) аударымдар жасап және зейнетақының ең төменгі мөлшерін қамтамасыз ету үшін қажетті соманы жинақтағандар пайдалана алады. Зейнетақы жинақтарының ұлғаюымен ұзақ мерзімді пайдалануға БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері әдістемесі, ерікті зейнетақы жарналарын ашу және төлеу шарттарының өзгеруі де оң ықпал етуде.

Қараша айының басына қарай БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға берген 485772 өтініш орындады. Уәкілетті оператор-банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына 1,96 трлн. теңге аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы 4,0 млн. теңгені құрады.

Алматы облыстық филиал биылғы 2 қарашаға дейін біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен үй жағдайын жақсартуға 10343 салымшының 26,67 млрд. теңге көлеміндегі өтінішін қанағаттандырды. Осыған сәйкес үй жағдайын жақсартуға қолданылған сомалардың орташа мөлшері 2,5 млн. теңгені құрады. Айта кетейік, өтініш берушінің өтініші бойынша және өзге де себептерден біржолғы зейнетақы төлемін белгіленген мерзімде пайдаланбауына байланысты шамамен 270,5 млрд. теңге салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шотына (ЖЗШ) қайтарылды.

Сондай-ақ, БЖЗҚ жалпы сомасы 54,0млрд. теңге болатын 59464 өтінішті орындады. Бұл ретте алымдардың орташа сомасы 0,9 млн. теңге болды. Сонымен қатар, салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ-на уәкілетті оператордан («Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ) 7,9 млрд. теңге қайтарылды. Бұл қаражат өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша белгіленген мерзімде пайдаланылмаған. Алматы облысы бойынша, 2 қарашаға дейін зейнетақы жинақтарын емдік шараларға қолдану үшін берілген 1194 салымшының 1,120 млрд. теңге көлеміндегі өтініші орындалды. Аударылған соманың орташа мөлшері 938000 теңгені құрады.

Биылғы 1 сәуірден бастап зейнетақы төлемін жүзеге асырудың бір жылдық сомасы зейнетақы жинақтары төлемінің 6,5 пайыз мөлшерлемесіне көбейтіндісі ретінде есептелетін болды. Содан кейін бұл нәтиже 12-ге бөлінеді, сол арқылы біз БЖЗҚ-дан ай сайынғы төлем мөлшерін аламыз. Келесі жылдары жыл сайын зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесі 5 пайыз өсетін болады. Жыл басынан бастап БЖЗҚ-дан берілетін төлемнің ең төменгі мөлшері өсті. Егер бұрын ол ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын құраса, қазір 70пайызын (немесе 24011 теңге) болды. Осылайша, көптеген алушы үшін төлем мөлшері артты.

2018 жылдың 1 қаңтарына дейін БЖЗҚ-дан төлемдерді ала бастаған азаматтар үшін зейнетақы төлемінің жыл сайынғы мөлшері ең төмен зейнетақының отыз еселенген мөлшерінен кем болмайды (2021 жылы 30 х 43 272= 1 298 160 теңге). Төлемдер бұрын таңдалған кесте бойынша жүзеге асырылады. БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 31 наурызға (қоса алғанда) дейін іске асырған адамдарға зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асырудың жаңа әдістемесіне сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ай сайынғы зейнетақы төлемі зейнетақы төлемін индекстеудің 5% мөлшерлемесіне ұлғайып отырады. Кейіннен жыл сайын индекстеліп отыратын болады.

БЖЗҚ көрсететін қызметтер саны жыл сайын артып келеді. Ағымдағы жылдың тоғыз айында БЖЗҚ салымшыларға 30 миллионнан астам қызмет көрсетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46 пайызға көп. Электрондық форматта 22,2 миллионға жуық қызмет көрсетілді, бұл қызметтің жалпы көлемінің 73 пайызынан астамын құрайды.

Биылғы 1 қазандағы көрсеткішке сәйкес Алматы облыстық филиалында зейнетақы төлемін алуға 3013 өтініш, сақтандыру мекемесіне аударуға байланысты 18 өтініш орындалды, салымшылардың қосымша деректемесіне өзгеріс еңгізу бойынша 16444 өтініш орындалып, жеке зейнетақы шоттарынан 33692 үзінді көшірме, 13 481 зейнетақы шартының көшірмесі берілді және де хабарлау тәсіліне өзгерту туралы 8551 қосымша келісімшарт рәсімделген.

Демек, облыста зейнеткерлердің жағдайын жақсартудың барлық тиімді механизмі қалыптасқан деуге негіз бар.

Қажет Андас, Алматы облысы
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді