Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада есірткі заттарын таратты деген күдікпен азамат ұсталды

Астанада есірткі заттарын таратты деген күдікпен азамат ұсталды
Фото: polisia.kz

Елордада есірткі заттарын таратты деген күдікке ілінген 23 жастағы ер адам анықталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ер адамның тыйым салынған заттарды жасырын орындарға орналастыру мақсатында қаланың шет аймақтарының біріне келгені белгілі болды. Ол есірткі заттарын тарату әрекеті кезінде ұсталды. Жеке тінту барысында және ұсталған жерден өзіне тән иісі бар, ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған ірі брикеттер табылды.

Сараптаманың бастапқы деректеріне сәйкес, аталған зат альфа-PVP болып табылады. Сондай-ақ ұсталған азамат бұған дейін есірткі заттарын жасырған басқа да орындарды көрсетті. Кейін оның тұрғылықты мекенжайы бойынша жүргізілген тінту кезінде балконнан осыған ұқсас зат салынған ыдыстар анықталды. Барлық заттай дәлелдемелер тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Полиция есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысу қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Оңай әрі жылдам табыс табуға уәде беретін ұсыныстар ауыр құқықтық салдарға әкелуі мүмкін.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды