Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер Қосшыда пәтер ұрлығы кезінде ұсталды

Мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ақмолалық жедел уәкілдер елорда маңындағы пәтер ұрлығы кезінде анықтап, ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 13 шілдесінде Қосшы ауылының 61 жастағы тұрғыны Целиноград аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне өтінішпен жүгінді. Әйел осы күні сағат 19.00-ден 23.00-ге дейінгі уақыт аралығында белгісіз біреулер пластикалық терезені қысу арқылы 338 000 теңге сомасындағы ақша қаражатын, сондай-ақ жеке заттарын ұрлағанын хабарлады.

Мүліктік сипаттағы қылмысты ашу үшін полиция қызметкерлері бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді. Бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеу барысында қылмыс жасауға Нұр-Сұлтан қаласының 32 және 34 жастағы екі тұрғыны қатысқандығы анықталды, олардың біреуі бұрын ҚР ҚК 107-бабы, ҚР ҚК 106-бабы 1-бөлігі, ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігі бойынша сотталған.

Екіншісі бұған дейін ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны және оған басшылық еткені үшін (ҚР ҚК 262-бабының 10-тармағы 2-бөлігі), бас бостандығынан заңсыз айырғаны үшін (ҚР ҚК 126-бабының 3-бөлігі 1-тармағы), өзінше билік жасағаны үшін (ҚР ҚК 389-бабының 16-тармағы) қылмыстық жауаптылыққа тартылған болатын. Сонымен қатар қылмыс жасалған кезде күдікті мемлекетаралық іздеуде болған.

Кейін полицейлер елордада жалдамалы пәтерде автокөлікпен жүрген қаскүнемдердің тұрған жерін анықтады.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұлтартпау шарасы таңдалды: “күзетпен ұстау”. Күдіктілердің өңір аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті