Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте полиция есірткі арнасын жойды

Шымкентте полиция есірткі арнасын жойды
Фото: ҚР ІІМ

Шымкент қаласының полиция департаменті есірткі қылмыстарымен күреске бағытталған кешенді іс-шараларды жүйелі түрде жалғастыруда. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 15 қазанда еліміздің өзге өңірлерінен Шымкентке есірткі жеткізудің арнасы анықталып, оның жолы кесілді. Күдікті ретінде Алматы облысының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу аясында Алматы облысы мен Алматы қаласында жүргізілген тексеру барысында жалға алынған тұрғын үй мен жасырылған орындардан жалпы салмағы 200 грамға жуық синтетикалық есірткі заты тәркіленді. Тексеру нәтижесінде ұсталған әйелдің бұған дейін де есірткіні өткізу мақсатында жалға алынған автокөлікпен Шымкентке бірнеше рет келгені белгілі болды.

Сонымен қатар 22 қазан күні құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз егіп-өсірген жергілікті тұрғын анықталып, қолға түсті. Тергеу барысында оның өз үйінің ауласында жалпы салмағы 2,5 келіден асатын төрт түп сора өсімдігін баптап өсіргені белгілі болды. Аталған өсімдіктер толықтай тәркіленді.

Қазіргі уақытта екі дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция департаменті азаматтарға есірткі айналымына қатысты кез келген заңсыз әрекет қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді және қоғамды бұл бағыттағы құқық бұзушылықтарға бейжай қарамауға шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады