Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

АҚШ-тан жолданған сәлемдеме: Алматыда полицейлер есірткі жеткізу әрекетіне тосқауыл қойды

АҚШ-тан жолданған сәлемдеме: Алматыда полицейлер есірткі жеткізу әрекетіне тосқауыл қойды
Фото: Polisia.kz

Алматыда полиция АҚШ-тан келген қылмыстық сәлемдемені анықтады, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Алматы қалалық ПД есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері АҚШ-тан келген халықаралық пошта сәлемдемесін қалаға жеткізу әрекетін әшкерелеп, оның жолын кесті. Сәлемдеменің ішінен өсімдік тектес есірткі затының айтарлықтай мөлшері табылды. — Полиция қызметкерлері тыйым салынған заттардың заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында жедел және арнайы іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп отырады. Бұл — жалғыз жағдай емес, мұндай деректер бұған дейін де тіркелген. Осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастырамыз. Заң барлығына бірдей, мұндай әрекеттер үшін жазаның бұлтартпастығы — жұмысымыздың басты қағидаларының бірі, — деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады