Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ: Халықаралық кибералаяқтық арнасы жойылды

ІІМ: Халықаралық кибералаяқтық арнасы жойылды
Фото: Polisia.kz

Қазақстан, Қырғызстан және Ресей Ішкі істер министрліктерінің киберполициясы бірлесіп өткізген операция нәтижесінде ТМД елдерінің азаматтарына қатысты интернет-алаяқтық жасаған трансұлттық қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

8 қыркүйекте күдікті Бішкек қаласында ұсталды. Ол жалға алған пәтерді тінту кезінде 32 слотты сим-бокс, үшінші тұлғаларға рәсімделген 70-тен астам SIM-карта, IP-ді алмастыруға арналған жабдықтар, компьютерлер мен телефондар тәркіленді. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті қылмыстық әрекеті үшін аптасына 500 АҚШ доллары көлемінде қаражат алып отырған. Мұндай құрылғылар қылмыскерлерге банктер, мемлекеттік органдар және маркетплейстер атынан жаппай фрод-қоңыраулар мен хабарламалар жіберуге мүмкіндік береді. Олардың көздегені – азаматтардың ақшасын және жеке деректерін ұрлау. Жалпы жыл басынан бері Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті 77 сим-боксты және алаяқтар пайдаланған 90 мыңға жуық SIM-картаны тәркіледі. Еске сала кетейік, 16 қыркүйектен бастап дроптардың іс-әрекеті үшін жауапкершілік, онлайн-несие беруді шектеу және SIM-карталардың айналымын реттеу сияқты жаңа заң нормалары күшіне енеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті