Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президент тапсырмасымен қатарылған 5,6 млрд теңге Абай облысында медициналық нысандардың құрылысына жұмсалуда

Президент тапсырмасымен қатарылған 5,6 млрд теңге Абай облысында медициналық нысандардың құрылысына жұмсалуда
Фото: primeminister.kz

Қазақстанда заңсыз иемденілген активтерді қайтару есебінен әлеуметтік нысандар салу жұмыстары жалғасып жатыр. Арнаулы мемлекеттік қордан Абай облысына денсаулық сақтау саласындағы жобаларды жүзеге асыруға 5,6 млрд теңге бөлінді. Қаражат өңірдегі инфрақұрылымды жақсартуға және медицина сапасын арттыруға бағытталған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үржар ауылында бұл қаражат көпсалалы орталық аудандық ауруханаға қосымша корпус салуға және заманауи медициналық техникамен жарақтандыруға жұмсалуда.

Аягөз қаласында бөлінген қаражатқа көпсалалы орталық аудандық ауруханаға қосымша корпус салынып жатыр, онда магниттік-резонанстық томограф орнатылады.

Нысандарды биыл пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Жобалар азаматтарды уақтылы және сапалы медициналық қызметтермен қамту аясын кеңейтуге мүмкіндік бермек.

Бұған дейін Арнаулы мемлекеттік қордан  Семей қаласында 100 орындық медициналық-әлеуметтік психоневрология мекемесін салуға 2,6 млрд теңге бөлінген болатын.

Естеріңізге сала кетсек, «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет денсаулық сақтау саласын дамыту үшін жүйелі түрде күш-жігер жұмсап келе жатқанын атап өткен болатын. Елімізде медициналық нысандардың барлық спектрі – ауылдық фельдшерлік-акушерлік пункттерден бастап мамандандырылған ауруханаларға дейін біртіндеп жаңғыртылуда. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 540 нысанның құрылысы салынды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті