Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында полиция қылмыс жасаған мас жүргізушіні ұстады

Алматы облысында полиция қылмыс жасаған мас жүргізушіні ұстады
Фото: Polisia.kz

Алматы облысында полиция қылмыс жасаған мас жүргізушіні ұстады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысында полицейлер жолда қауіпті құқық бұзушыны дер кезінде тоқтатып, ықтимал қайғылы жағдайдың алдын алды. 14 тамыз күні Алматы–Алатау автожолында патрульдік полиция ротасының экипажы күдік тудырған Toyota автокөлігін байқап, тексеру үшін тоқтатты. Тексеру кезінде рөлде отырған 29 жастағы ер адамның алкогольдік мас күйінде екені анықталды. Бұл дерек наркологтың медициналық куәландыру қорытындысымен расталды. Бұдан бөлек, жүргізушінің бұған дейін дәл осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.

— Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мас күйінде көлік жүргізу – адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп. "Заң мен тәртіп" қағидаты жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзып, өзгелердің өміріне қауіп төндіретін әрбір адамға қатаң және сөзсіз қолданылады, — деп атап өтті облыстық полиция өкілдері. 

Патрульдік полиция қызметкерлерінің жедел әрі кәсіби әрекетінің арқасында ықтимал жол-көлік оқиғасының алдын алынып, жолдағы қауіпсіздік қамтамасыз етілді. Алматы облысында мына ұстаным берік: жолда заң үстем болуы керек, ал тәртіп – адам өмірінің басты кепілі.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді