Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын негізсіз көтергені үшін 200 кәсіпкер жауапкершілікке тартылды

Шымкентте әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын негізсіз көтергені үшін 200 кәсіпкер жауапкершілікке тартылды
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Шымкент қаласында жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз көтерген 200-ден астам кәсіпкер жауапкершілікке тартылды. Оның 15-і – ет бағасын өсіргендер. Бұл туралы қалалық ауыл шаруашылығы басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқарма мәліметінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бақылау мақсатында жүздеген сауда нүктесіне мониторинг жүргізілген. Айта кетейік, сиыр еті (жауырын-кеуде бөлігі, сүйекті) – бағасы бақылауға алынған 19 атаулы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлерінің тізіміне кіреді.

— Бүгінде Шымкент қаласында 60-қа жуық әлеуметтік сауда нүктесі жұмыс істейді. Бұдан бөлек, апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі. Онда да сүйекті сиыр еті тұрақты бағамен – килограммы 3200-3300 теңге аралығында сатылады. Ет өнімдері Түркістан облысындағы мал шаруашылығы фермаларынан тікелей жеткізіледі, — деді ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Талғат Мекамбаев.

Ол сонымен қатар, сиыр етінің таза еті (мякоть) баға реттеу тізіміне кірмейтінін атап өтті.

Басқарма басшысының айтуынша, «Каскасу-С» және «Бәйтерек» шаруа қожалықтарымен жасалған келісімшарттар аясында еттің өткізу бағасы – килограммына 2 620 теңге.

Сондай-ақ, «айналым схемасы» тетігі шеңберінде «Magnum» және «Грамад» сауда желілерімен келісімдер жасалған. Бұл сүйекті сиыр етін (жауырын-кеуде бөлігі) 2 590 теңге көлеміндегі тұрақты бағамен сатуға мүмкіндік беріп отыр.

Басқарма өкілдері базарда килограммы 3800-4000 теңгеге дейін жететін коммерциялық еттің де бар екенін айтты. Алайда кейбір сауда орындарында баға тұрақты сақталған.

Жекеменшік сауда нүктелеріндегі бағаның өсуін мамандар маусымдық сұраныс, мал азығы бағасының қымбаттауы және экспорт көлемінің артуымен байланыстырады. Соған қарамастан, қалада етке деген тапшылық пен ажиотаж байқалмайды, – деді басқарма басшысы.

Акимат қала тұрғындарын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақыланатын және реттелетін сауда орындарын таңдап, соларға жүгінуге шақырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті