Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

1 шілдеден бастап банктер қазақстандықтардың шоттары туралы мәлімет бере бастайды

1 шілдеден бастап банктер қазақстандықтардың шоттары туралы мәлімет бере бастайды
Фото: pixabay.com

2025 жылғы 1 шілдеден бастап екінші деңгейлі барлық банк, шетелдік банктердің филиалдары, Қазақстанның Даму банкі және Қазпошта Қазақстан азаматтары мен резидент емес тұлғалардың банк шоттары мен салымдары туралы Ұлттық банкке есептілік беруге міндетті болады. Бұл туралы Ұлттық банк қаулысында айтылған, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қандай шоттар бақылауға ілігеді?

Тек депозиттер ғана емес, барлық банк шоты есепке алынбақ:

  • ағымдағы шоттар;
  • мерзімді және жинақ салымдары;
  • жеке кәсіпкерлердің шоттары;
  • инвестициялық және шартты салымдар;
  • ұлттық және шетел валютасындағы шоттар - тіпті нөлдік қалдықпен болса да.

Есептер 10 жұмыс күні ішінде ұсынылады - шот ашылғанда, клиент деректері өзгергенде немесе жаңа келісімшарт жасалғанда.

Қандай мәлімет беріледі?

Кешенді есепке мыналар кіреді:

  • шот иесі туралы мәліметтер - жеке тұлға, жеке кәсіпкер, заңды тұлға немесе халықаралық ұйым;
  • банк шоты (немесе салымы) туралы келісімшарт деректері;
  • шоттың техникалық ақпараты (валюта, пайыздық мөлшерлеме, қалдықтар);
  • ай ішінде шоттағы барлық операция туралы есеп - түсімдер, алу, пайыздар, бұғаттаулар.

Құжатта көрсетілгендей, шот иесімен депозиттік ұйым арасындағы барлық қарым-қатынас көрсетілуі тиіс, оның ішінде келісімшарт шарттарының кез келген өзгерістері де қамтылады.

Жеке деректер қалай қорғалады?

Жеке тұлғаның ЖСН-і орнына есептілікте ДИН (деперсонализацияланған идентификациялық нөмір) қолданылады - бұл шифрланған код, оны үшінші тұлғалар қайта ЖСН-ге ашып оқи алмайды.

ДИН әр банк өз алгоритмі бойынша жасайды және ол:

  • әр клиент үшін бірегей болуы;
  • бір банк ішінде өзгермеуі;
  • ашық немесе жасырын түрде ЖСН-ді қамтымауы тиіс.

Егер шот иесінде ЖСН немесе БСН болмаса, АИН (альтернативті идентификациялық нөмір) пайдаланылады.

Алайда, шифрланғанына қарамастан, мемлекеттік органдардың сұрауы бойынша - соның ішінде Ұлттық банк, Қаржы нарығын реттеу агенттігі мен Депозиттерге кепілдік беру қоры - банк бұл мәліметтердің шифрын қорғалған байланыс арналары арқылы беруі тиіс. Бұл жалпы есеп жүйесін айналып өтетін бөлек тәртіппен жүзеге асырылады.

Қателерді түзетуге бола ма?

Иә. Егер банк есептілікте қате жіберсе, 2025 жылдың аяғына дейін - бірақ есепті тапсыру мерзімі өткеннен кейін бір айдан кешіктірмей - түзету енгізе алады. Бұл үшін Ұлттық банкке арнайы хабарлама жіберу қажет.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті