ІІМ "Заң және Тәртіп" қағидатын жүзеге асыруды жалғастыруда. "Қарасора - 2025" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері есірткі құралдарының заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Астрахан тас жолында сауда компанияларының бірінде жұмыс істейтін 27 жастағы елорда тұрғыны басқарған автокөлік тоқтатылды. Көлікті тексеру кезінде артқы орындықтан салмағы 1,5 кг синтетикалық а-PVP есірткісі салынған пакет табылып, тәркіленді. Алдын ала мәлімет бойынша күдікті куратордың нұсқауымен әрекет етіп, есірткіні тасымалдау және жасыру әдісімен таратқан. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.