Әлеуметтік желілерде Ақтөбеде полицей өлі табылғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қалалық Полиция департаменті бұл ақпаратты растады."Тұрғылықты жерінде денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ мәйіт табылды", – деп мәлімдеді ведомство.
Полиция мәліметінше, қызметкер бұған дейін ота жасатып, емделіп жүрген.