Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президент тапсырмасымен Өскемендегі Гематология орталығы құрылысына 33,6 млрд теңге бөлінді

Президент тапсырмасымен Өскемендегі Гематология орталығы құрылысына 33,6 млрд теңге бөлінді
Фото: primeminister.kz

Үкімет Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысы барысында алға қойған Өскемендегі Гематология орталығын жеделдетіп пайдалануға беру туралы тапсырмасын жүзеге асыру аясында Арнаулы мемлекеттік қордан 33,6 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Медицина мекемесінде екі корпус: 148 орындық стационар және клиника науқастарына арналған 24 орындық қонақ үй қарастырылған. Бас ғимаратта заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған зертханалар, сәулелік диагностика, кардиология, кардиохирургия, гематология, сүйек кемігін трансплантациялау және күрделі соматика бөлімшелері орналастырылады. Жаңа орталық науқастар емдеу мен оңалтудың озық әдістеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Жобаның жалпы құны – 71,3 млрд теңге. Бүгінде нысанның 78%-ы аяқталған. Ғимараттың қаңқасы тұрғызылып, сыртқы инженерлік желілер тартылған, шатыр, қасбеті, терезе блоктары дайындалып, ішкі әрлеу жұмыстары ішінара аяқталған.

Үкімет денсаулық сақтау жүйесіндегі инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 361 алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету нысанының құрылысы аяқталды. Бұл өз кезегінде шалғай және ауылдық елді мекендер тұрғындарына медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік берді.

Бүгінде Үкімет әлеуметтік маңызы бар нысандар құрылысына Арнаулы мемлекеттік қордан қаражат бөлді. Олардың қатарында 7 мектеп, оның ішінде бір музыка мектебі, 2 спорт кешені, стадион, көпсалалы аурухана кешені, облыстық жедел жәрдем стансасы, Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы, жатақхана, 2 балабақша бар. Бұдан бөлек, қаражат Қызылорда облысының Арал ауданындағы сумен жабдықтау жүйелерін салу және жаңғыртуға бағытталды.

Жұмыс жалғасып жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты