Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарға 289 бірлік техника мен 460 адам жұмылдырылған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Төрт облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесінде көлік қозғалысына шектеулер енгізілді.
Ақтөбе облысы – 2 учаске
1. "Ақтөбе-Атырау-Астрахань" 255 км-ден 330 км-ге дейін, Қарауылкелді ауылынан Атырау облысының шекарасына дейін - 75 км.
2. "Ақтөбе-Атырау-Астрахань" 185 км-ден 255 км-ге дейін, Шұбарқұдық кентінен Қарауылкелді ауылына дейін – 70 км.
(Себеп: боран, жол көрінбейді).
Жамбыл облысы - 1 учаске
1. "Алматы-Ташкент-Термез" 159 км-ден 238 км-ге дейін, Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейін. (Ескі Қордай асуы арқылы қозғалыс) - 79 км.
(Себебі: қар жауған жаңбыр, жел, тұман,көрінуді шектеу).
Жетісу облысы – 1 учаске
1. "Үшарал-Достық" 84 км-ден 184 км-ге дейін, Көктұм станциясынан Достық станциясына дейін – 100 км.
(Себеп: тұман,жол көрінбейді).
Батыс Қазақстан облыс ы- 6 учаске
1. "Орал-Тасқала-Ресей Федерациясының шекарасы" 4 км-ден 104 км-ге дейін, Орал қаласынан Ресей шекарасына дейін – 100 км.
2. "Атырау-Орал" 375 км – ден 492 км-ге дейін, Чапаев кентінен Орал қаласына дейін - 117 км.
3. "Чапаево-Жалпақтал-Казталовка" 0 км-ден 213 км-ге дейін, Чапаево кентінен Казталовка кентіне дейін – 213 км.
4. "Казталовка-Жәнібек-Ресей Федерациясының шекарасы" 0 км-ден 158 км-ге дейін, Казталовка кентінен Жәнібек кентіне дейін – 158 км.
5. "Подстепное-Федоровка-Ресей Федерациясының шекарасы" 0 км-ден 36 км-ге дейін, Подстепное кентінен Федоровка кентіне дейін – 36 км.
(Себебі: жел, боран, жол көрінбейді, нөлден төмен температура, жаңбыр).
6. "Самара-Шымкент" 195 км-ден 246 км-ге дейін, Ресей Федерациясының шекарасынан Орал қаласына дейін-51 км.
(Себебі: Ресейде ауа-райының нашарлауына байланысты).