Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбеде мас жүргізуші патрульдік полиция қызметкеріне пара беруге тырысты

Ақтөбеде мас жүргізуші патрульдік полиция қызметкеріне пара беруге тырысты
Фото: Polisia.kz

Ақтөбеде мас жүргізуші патрульдік полиция қызметкеріне пара беруге тырысты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 27 қарашаға қараған түні Ақтөбе қаласында болған. Патрульдік полиция инспекторы қызмет барысында «Хундай Элантра» автокөлігін тоқтатып, жүргізушіден алкогольдің өткір иісін байқады. Осыған байланысты полицей оны медициналық тексеруден өткізу үшін жіберді.

Тексеру нәтижелері полицейдің болжамдарын растады. Мас күйінде көлік жүргізген 52 жастағы жүргізуші құжаттарды рәсімдеу кезінде әкімшілік хаттама толтырмауды сұрап, инспекторға 10 000 теңге пара ұсынған.

Полиция қызметкері дереу оқиға орнына жедел-тергеу тобын шақырды. Пара ұсынғаны үшін жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 367-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай айғақ ретінде пара тәркіленіп, көлік коммуналдық тұраққа қойылды, ал жүргізуші қамауға алынды.

Енді ақтөбелік тек мас күйінде көлік жүргізгені үшін ғана емес, сонымен қатар лауазымды тұлғаға пара беру әрекеті үшін де жауап береді. Оған мүлкі тәркіленіп, параның жиырма еседен отыз есеге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салу немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты