Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбеде полиция мас күйде көлік тізгіндеген такси жүргізушісін ұстады

Ақтөбеде полиция мас күйде көлік тізгіндеген такси жүргізушісін ұстады
Фото: Polisia.kz

Ақтөбеде полиция мас күйде көлік тізгіндеген такси жүргізушісін ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

“Тасымалдаушы” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында осы жылдың 15 қазанында сағат 03:00 шамасында Шернияз көшесі бойында Ақтөбе қаласы ПБ патрульдік полициясының қызметкерлері Volkswagen Polo автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында 56 жастағы такси жүргізушісінің жай-күйі тәртіп сақшыларына күмән тудырды. Жүргізілген медициналық куәландыру нәтижесі жүргізушінің мас күйде екенін көрсетті.

Сот шешімімен құқық бұзушы жеті жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айыра отырып, 15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

Айта кетейік, жыл басынан бері Ақтөбе облысында мас жүргізушілердің кінәсінен 21 жол-көлік оқиғасы болып, 7 адам қаза тапты, 20-дан астам адам түрлі жарақаттар алды.

Аталған іс-шараның бірінші күні полицейлермен 100-ден астам құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде тиісті тіркеусіз заңсыз тасымалдаудың 12 фактісі, жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзудың 33, жылдамдықты асырудың –12 және такси жүргізушісінің мас күйде көлік басқаруының 1 фактісі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді