Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

БҚО тұрғындарын 23 миллион теңгеге алдаған күдікті ұсталды

БҚО тұрғындарын 23 миллион теңгеге алдаған күдікті ұсталды
Фото: pixabay.com

БҚО тұрғындарын 23 миллион теңгеге алдаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Абай полиция бөлімінің қызметкерлері онлайн аукционнан автокөлік сатып алып беремін деген сылтауымен облыс тұрғындарының миллиондаған ақшасын иемденген алаяқты ұстады. Ол әртүрлі көліктердің фотосуреттерін көрсетіп, олар үшін көлікті сатып алатынын айтып, алдын ала төлем алып отырған.

Мәселен, Орал қаласының кәсіпкерлерінің бірі алаяққа сеніп, оған 7,4 млн теңге, тағы бір тұрғын оған 4,5 млн теңге берген.

Қазіргі уақытта алаяқтық фактілері бойынша 7 эпизод бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жалпы облыс тұрғындарына келтірілген шығын 23 миллион теңгені құрайды.

Ұсталған адамның айтуынша, ол барлық ақшаны құмар ойындарға және ұтысқа жұмсаған.

Полиция департаменті облыс тұрғындарына күмәнді мәмілелерге сенбеуді және тексерілмеген адамдарға үлкен көлемде ақша бермеуді ескертеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді