Сн, 10 мамыр 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбе азаматтарын 7 млн теңгеге алдаған күдікті құрықталды

Ақтөбе азаматтарын 7 млн теңгеге алдаған күдікті құрықталды
Фото: pixabay.com

Полиция қызметкерлері кәсібін бастамақ болған азаматтарды бірнеше миллион теңгеге алдаған ақтөбелік тұрғынға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда өңірде “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қорының атын пайдаланып, азаматтарды алдау жағдайлары кездесіп отыр.

Алаяқтар белгілі бір көлемде сыйақыға қордан ірі көлемде өтемсіз несие алып беретінін айтып, тұрғындардың ақшасын заңсыз иеленуде.

Жыл басталғаннан бері полицияға осындай арызбен 7 жәбірленуші жүгінді. Тергеп-тексеру барысында ақтөбелік жігіт өз кәсібін бастамақ болған облыс тұрғындарын “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қорынан 5 миллион теңге көлемінде өтемсіз несие алып беретінін айтып алдап, өз “қызметі” үшін олардан алдын ала сыйақы алғаны анықталды.

Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі 7 миллион теңгеден асады.
Күдікті полиция бөліміне жеткізіліп, қылмыстық іс аясында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл ретте, күдікті жігіттің аталған қорға ешбір қатысының жоқ екені анықталды.

Ақтөбе облысының полиция департаменті азаматтарды алаяқтардан сақ болуға шақыра отырып, “Даму” қорының барлық қызметі тегін және цифрланған түрде жүзеге асырылатынын еске салды. Мұндай заңсыз қызметтерді ұсынған адамдарға тап болсаңыз, дереу полицияға хабарласқан жөн.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді