Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбеде денсаулығы сыр берген қарияға көмектесу үшін құтқарушылар 18 шақырым жаяу жүрді

Ақтөбеде денсаулығы сыр берген қарияға көмектесу үшін құтқарушылар 18 шақырым жаяу жүрді
Фото: бейнескриншот

Ақтөбеде Мұғалжар ауданындағы төтенше жағдайлар бөлімінің 8 қызметкері қарияға көмектесу үшін көліктің алдына түсіп жүгірді. Олар 18 шақырым қашықта орналасқан ауылға жаяу барды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында боранды күні шақыртуға жаяу барған төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінің аты-жөні түгел белгілі болды: Мұғалжар ауданы №8 өрт сөндіру өлімше командирі Н. Тәжіғұлов, бөлімше командирі Д. Шамаков, қарауыл бастығы А. Әли, өрт сөндірушілер Е. Марат, А. Құсайынов және Ж. Сұлтамұратов, А. Сағындық, А.Жалғасов. Олар кеше Қандыағаш қаласынан Басшилі ауылына жаяу барды. 18 шақырым қашықтықта орналасқан ауылда қарияның денсаулығы сыр беріп, көмек сұраған соң шұғыл жолға шыққан. 

— 7 ақпан күні сағат 8:00 шамасында Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласы өрт сөндіру бөлімінің 112 телефон нөміріне Басшилі ауылынан көмек сұрап хабарласады. 75 жастағы әже ауырып, Қандыағаш қаласына жеткізу керек болды. Хабарлама алған бойда өрт сөндіру бөлімінен «Трэкол» жол талғамайтын автокөлігі шығады. Онда 6 құтқарушы отырдық. Басшилі ауылы Қандыағаш қаласынан 18 шақырым жерде орналасқан. Кеше ауа райына байланысты жолдың көрінуі нашар болды. Біз 2-3 құтқарушы болып жаяу жүріп, «Трэколға» жолды көрсетіп отырдық. Сол ауылға 18 шақырым жүріп барып, жүріп кері қайттық. Әрбір 1-1,5 шақырым сайын ауысып отырдық. Өзім 3 жылдан бері өрт сөндіру бөлімінде жұмыс істеп жатырмын. Мұндай жағдай бізде болмады, — дейді қарауыл бастығы Ақдәулет Әли. 

Ақтөбе облыстық ТЖД бастығы Нұрғали Жунусовтің айтуынша, өңірде 10 «Трэкол» жол талғамайтын көлігі бар. Бұл жеткілікті. 

— Қазір хабар-ошарсыз кеткен ешкім жоқ. Бәрі табылды. Бірақ әлі де шақыру түсіп жатыр. Қобда ауданында денсаулығына байланысты шақырту болды бүгін. Әйелді Ақтөбе қаласының ауруханасына жеткізу үшін аудандық ТЖБ тапсырма берілді. Жалпы жолда қалған көліктер мен жүргізушілерге қандай көмек керек екенін білдік. Жанар-жағармай қажет болса, жергілікті атқарушы органмен бірге қамтамасыз етіп жатырмыз, — деді Ақтөбе облыстық ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді