Ақтөбеде полиция қызметкеріне пара бермек болған есептегі сотталғанға айыппұл салынды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Есірткі заттарымен заңсыз жұмыс істегені үшін пробациялық бақылауда тұрған сотталған адамды бақылау кезінде облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметінің қызметкері сотталушының қоғамдық жұмыстарды орындау туралы сот үкімінің талаптарын бұзғанын анықтаған.
Осыған байланысты пробация қызметкері сотталушының қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазасын бас бостандығынан айыруға ауыстыру үшін сотқа материалдар дайындаған.
Сотталған адам бас бостандығынан айырудан және психиатрдан мәжбүрлеп емдеу түріндегі жазадан жалтару мақсатында пробация қызметінің инспекторына 10 мың теңге сомасында ақша ұсынған. Инспектор бұл туралы өз басшылығына дереу хабарлаған.
Бұл факті бойынша Ақтөбе облысының полиция департаменті ҚР ҚК-нің 367-бабы 1-бөлігі (Пара беру) бойынша қылмыстық іс қозғады.
Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен азамат кінәлі деп танылып, оған 150 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Полиция департаменті мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға не лауазымды адамға жеке өзі немесе делдал арқылы пара беру – параның он еседен жиырма есеге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.