Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында әйелін аяусыз ұрып өлтірген тұрғын сотталды

Түркістан облысында әйелін балаларының көзінше ұрып өлтірген азамат 17 жылға сотталды. Ордабасы ауданының тұрғыны 15 жыл отасқан жарының аузына арақ құйып, қарсыласқан кезде төрт баласының көзінше тепкілеп өлтірген, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған kazlenta.kz

Телеарнаның хабарлауынша, анасынан айырған әкесіне сот үкім шығарған кезде кәмелетке толмаған балалары сот залында төбесін де көрсетпеген. 43 жастағы Әбибулла Мамешовтің мұндай жауыздыққа баруына ішкілікке салынғаны және қызғаныш себеп болған. Яғни үнемі ішетін ол "біреумен жүресің" деп әйеліне үнемі тиіскен. Тіпті бала-шағасының көзінше талай рет соққыға жығыпты.

Соңғы рет сәуір айында үйіне келе сала, жары Үкіләй Сартаеваны сабап тастаған. 38 жастағы әйелінің басынан шөлмекпен ұрып, үстіне секіріп қабырғасын сындырған. Осы жауыздығы үшін 17 жылға кесілген ол жазасымен келіспейтінін жеткізді. Өз кезегінде жәбірленушілер де кемі 25 жылға сотталсын деп апелляциялық шағым түсірмек. Ал үлкені 15-те, кенжесі 8 жастағы төрт бала ата-әжесінің қолында қалатын болды.

"Мамешов Әбибулла Хайруллаевич ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танылсын. Оған 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазаны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде өтеу белгіленіп, қолданылған күзетпен бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылып, жазасын өтеу мерзімі 29-сәуір, 2022 жылдан бастап есептелсін", – дейді Түркістан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қасым Қалмағамбетов. 
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды