Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қырғызстан мен Өзбекстан Қытайдың көмегімен тығырықтан шығудың жолын іздеуде


Екі ел арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келеді және қытайлық жобалар бұған көмектесуде. 2018 жылы екі жақты тауар айналымы $481 млн-ға жетіп, екі есеге өсті, деп хабарлайды 365info.kz. 2017 жылмен салыстырғанда $227,3 млн-ға (немесе 89,8%-ға) артты. Егер динамика сақталса, аймақта Қырғызстан мен Өзбекстанның мүдделерін қорғайтын жаңа одақ пайда болады.

Екі ел арасындағы өнімді жеткізу серпіні, оның ассортименті сияқты екіжақты сауданы арттыруға бағытталған қосымша логистикалық орталықтар ашу қажеттілігін көрсетеді. Қырғызстаннан Өзбекстанға құрылыс материалдары, ауыл шаруашылығы және сүт өнімдері мен электр энергиясы жеткізілсе, Өзбекстаннан — көкөністер, тоқыма, пластмассадан жасалған бұйымдар және автомобильдер жеткізіледі.

Өзбекстанның сыртқы сауда айналымындағы Қырғызстанның үлес салмағы 2018 жылы тек 1,4%-ды құрағанына қарамастан, Ташкент сауда көлемін арттыруға ниетті. Және бұл үшін барлық алғышарттар бар:


• ортақ шекара 1378 км;
• жолға қойылған көпжылдық сауда қатынастары;
• жақын мәдени-гуманитарлық байланыстар және т. б.

Әзірше келісілмеген 230 км сұрақ күйінде қалып отыр. Алайда бұл ынтымақтастыққа кедергі болып табылмайды, себебі екеуара бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.


Айта кету керек, Қырғызстан мен Өзбекстан


сауда-экономикалық салада ТМД елдеріне қарағанда алыс шет елдерге басымдық береді

Мақсат — тауар айналымын арттыру

Естеріңізге сала кетейік, Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1993 жылы орнатылды. Үш жылдан кейін – 1996 жылы екі ел арасындағы Мәңгілік достық туралы шартқа қол қойылды.


Қазіргі уақытта Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы қатынастар 140 келісіммен реттеледі


Екі ел арасындағы достықтың нығая түсуі Бішкек пен Ташкенттің барлық деңгейдегі іс-әрекетін жандандырды. 2018 жылғы желтоқсанда өткен шекара маңындағы облыс басшылары Кеңесінің отырысы ерекше назар аударуға тұрарлық. Делегацияны республикалардың премьер-министрлері Мухаммедқалый Әбілғазиев пен Абдулла Әріпов басқарды.


Келіссөздер қорытындысы бойынша Үкімет басшылары сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі Жол картасына және 25 пункттен тұратын хаттамаға қол қойды.


Таяу болашақта Ташкент пен Бішкек шекара маңындағы аймақтарда елдер арасындағы сауда операцияларын жеңілдетуге және кеңейтуге бағытталған бірқатар логистикалық орталықтар салуды жоспарлап отыр. Бұл тауар айналымының артуына әкелуі тиіс.

Қытайға жүк жеткізудің жаңа бағыты

Ташкент пен Бішкекте екі елдің экономикасын нығайтуға бағытталған бірлескен жобалар көп. Кір жуғыш машиналар мен пластикалық терезелер шығаратын қырғыз-өзбек бірлескен екі кәсіпорынға ауқымды жобалар қосылды.


2017 жылдың қазан айында елдер Қытайға жүк жеткізудің жаңа бағытын ашты. Әңгіме «Ташкент – Ош – Қашғар» көлік дәлізі туралы болып отыр (маршруттың ұзындығы – 900 км).


Бұл жоба қатысушы елдердің барлығына пайда әкелді. Біріншіден, үш елді біріктіретін ең қысқа жолдардың бірі пайда болды. Екіншіден, барлығы болашақта экономикалық дивидендтер алатын болады. Үшіншіден, жобаны іске асыру қатысушы елдер арасындағы қатынастарды нығайтуға және кеңейтуге ықпал ететін болады.


Жаңа бағыт Қырғызстанға ЕАЭО-ға балама бола алады. Және қырғыз жүктерінің Қазақстан шекарасы арқылы өту мәселесін шешіп беруі мүмкін.


Өзбекстан өз тауарларын жеткізу географиясын кеңейтуді мақсат етіп отыр, ал Қытай үшін сыртқы нарықтарға өнім жеткізуді әртараптандыруға жақсы жол.

Тығырықтан шығу

Қазіргі уақытта кезекті бірлескен жоба – «Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан» теміржол магистралінің құрылысы болып отыр. Оның маңыздылығы туралы Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков


«Біз инфрақұрылымдық тығырықтан шығып, Қытайдан бастап, Еуразияның теңіз порттарына жететін транзиттік елге айналуымыз керек


Сондықтан біз «Ұлы Жібек Жолы» аясындағы халықаралық жобаларға белсенді қатысамыз», — деді Қырғыз көшбасшысы.


Естеріңізге сала кетейік, бұл жоба Алмазбек Атамбаевтың «2013-2017 жылдар аралығындағы Қырғызстан Республикасы тұрақты дамуының ұлттық стратегиясы туралы» Жарлығына енгізілген болатын. Алайда, бұған дейін 2002 жылы Бейжің осы темір жол жобасы туралы бастама көтерген болатын.


Темір жол магистралінің құрылысы ЕАЭО-қа тиімді, себебі қытайлық көлік жобаларының еуразиялық интеграция процестерімен түйісуі мемлекетаралық бірлестіктің дамуына қосымша серпін береді.


Келіспеушіліктерге қарамастан (жобаны қаржыландыру мәселелері, жолтабанның еніне қатысты шешім қабылдау және т.б.), процесс іске қосылды. Қытай оны жүзеге асыру үшін қаражат табуға тырысады. 27 жыл бойы қағаз жүзінде қалып отырған жобаның іске асуы өз түзетулерін енгізе алады, соның ішінде Пекиннің көңіл-күйіне.


Өзбекстан мен Қырғызстан өздерінің ұлттық мүдделеріне және болашаққа деген парасатты есептеріне сәйкес екіжақты ынтымақтастықты әдістемелік түрде ұлғайтуды жалғастырып жатыр.


Сурет: 365info.kz
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты