Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Еділ Сабырұлы Оспан ҚР оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды kazlenta.kz ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеп.
Еділ Оспан 1983 жылы Түркістан облысында дүниеге келген.
Білімі:
А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Ұлыбританиядағы Эксетер унивреситетін (University of Exeter) бітірген.
Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар.
Еңбек өтілі:
Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласындағы "Құқық және экономика" колледжінің оқытушысы болып бастаған.
Әр жылдары Қазақ гуманитарлық-заң университетінің оқытушысы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аға оқытушысы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының жетекші ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.
- 2007-2010 жылдары – ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі.
- 2010-2019 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының сарапшысы, инспекторы.
- 2019-2020 жылдары Қоғамдық саясат институты директорының орынбасары.
- 2020 жылы – ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі.
- 2020 жылғы қарашадан 2021 жылғы ақпанға дейін – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-мәдени даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
- 2021 жылғы ақпаннан 2023 жылғы ақпанға дейін – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі.
- 2023 жылғы ақпан айынан бастап — Үкімет аппаратының Әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.