Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында 9 мыңға жуық жаяу жүргінші жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен

Павлодар облысында 9 мыңға жуық жаяу жүргінші жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен
Фото: polisia.kz

Павлодар облысында жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен 8 780 жаяу жүргінші жауапқа тартылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаяу жүргіншілер – жол қозғалысының ең осал қатысушыларының бірі. Сондықтан жолдан өту кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау аса маңызды. Павлодар облысының полиция департаменті мәліметінше, жол қозғалысы ережелерін көбіне айналасына назар аудармай, гаджеттерге үңіліп немесе капюшон киіп жүретін жасөспірімдер бұзады. Сондай-ақ егде жастағы тұрғындар арасында да жаяу жүргіншілер өткелін пайдаланбай, жолды белгіленбеген жерден кесіп өтетіндер кездеседі. Бүгінгі таңда облыста жолдың жүру бөлігін белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін 8 780 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Мәселен, Павлодар қаласындағы Камзин көшесінде жергілікті тұрғын жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен. Жол қозғалысы ережелерін жүргізушілер де жиі бұзады.

Жыл басынан бері жаяу жүргіншілерге жол бермегені үшін 2 743 жүргізуші жауапкершілікке тартылған. Атап айтқанда, Ворушин және академик Шөкин көшелерінің қиылысында Daewoo Nexia автокөлігінің жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелімен өтіп бара жатқан адамға жол бермеген. Аталған құқық бұзушылықтар бойынша кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға айыппұл салынды. Полиция қызметкерлері облыс тұрғындарын жолда мұқият әрі сақ болуға, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Қауіпсіздік талаптары жол қозғалысының барлық қатысушысына ортақ.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды