Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Цой ВАК отырысында КВИ-ге қарсы вакцинациялау қарқыны және шектеу шараларының жеңілдетілгені туралы хабарлады

Соңғы екі аптада елімізде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық деңгейі 1,6 есеге төмендеді, барлық жерде инфекциялық және реанимациялық төсектердің қамтылуының төмендеуі жалғасуда, деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында сөйлеген сөзінде, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Жалпы, Қазақстан сары аймақта, ал 5 өңір қызыл аймақта қалады: Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары.

Ол елдегі КВИ-ге қарсы вакцинацияның қарқыны туралы хабарлады. Бірінші дозамен қамту - 76,2% (7,6 млн.адам), екінші дозамен қамту - 65,2% (6,5 млн. адам) құрады.

Бұл ретте, вакцинациялаумен қамту республикалық көрсеткіштен (73,6%) төмен 10 өңірде байқалады, Маңғыстау облысында 44,5%-дан Атырау облысында 74,9%-ға дейін.

«Бүгінде әлемнің 7 елімен (Венгрия, Таиланд, Моңғолия, Грузия, Молдова, Қырғызстан, Түркия) вакцинация паспорттарын өзара тануға қол жеткізілді, жұмыс жалғасуда. Сонымен қатар, СІМ-мен Аргентинаның вакцинация паспортын өзара тану туралы ұсыныс келіп түсті, қолдауды сұраймын», - деді А. Цой.
Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, жалпы республика бойынша тәуліктік вакцинация жоспары 42,7%-ға орындалды. Жоспардың ең көп орындалуы Шығыс Қазақстан облысында (85%) және Түркістан облысында (74%) байқалады.

Министр КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, брифингтер офлайн режимде өткізуге рұқсат берілгеніне ерекше назар аударды. Сонымен қатар, баспасөз іс-шараларына қатысушылар бірқатар қажетті санитарлық ережелерді сақтауы және Ashyq қосымшасында «жасыл» мәртебеге ие болуы керек.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда