Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ішкі істер министрінің орынбасары Маңғыстау облысына іссапармен барды

Ішкі істер министрінің орынбасары Маңғыстау облысына іссапармен барды
Фото: polisia.kz

Маңғыстау облысы полиция департаментінде Ішкі істер министрінің орынбасарының қатысуымен 2025 жылғы жедел қызметтің қорытындысы шығарылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы полиция департаментінде ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Адиловтың қатысуымен 2025 жылғы жедел-қызметтік қызметтің қорытындылары бойынша кеңейтілген кеңес өтті. Кеңес барысында полиция бөлімшелерінің негізгі бағыттар бойынша атқарған жұмыстарының нәтижелері қаралды. Атап айтқанда, қылмысқа қарсы іс-қимыл, ұйымдасқан қылмыс түрлерімен күрес, есірткі құралдарының заңсыз айналымына, экстремизм мен терроризмге қарсы күрес, киберқылмыстардың алдын алу, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Жыл қорытындысы бойынша облыста 2 732 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 пайызға төмен. Қылмыстардың ашылу деңгейі 82,8 пайызды құрады. Аса ауыр, ауыр және орташа ауырлықтағы қылмыстар санының азайғаны атап өтілді. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. 7 ұйымдасқан қылмыстық топ анықталып, жолы кесілді, заңсыз айналымнан 16 бірлік қару және 100-ден астам оқ-дәрі тәркіленді. Есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл аясында 445 есірткіге қатысты құқық бұзушылық тіркеліп, 744 килограмнан астам есірткі заты тәркіленді, синтетикалық есірткі жеткізудің трансұлттық арналары жойылды. Интернет-алаяқтық пен киберқылмысқа қарсы күреске ерекше көңіл бөлінді.

Есептік кезеңде интернет-алаяқтықтың 436 дерегі тіркеліп, 2 миллиард теңгеден астам материалдық шығын өтелді, қылмыстық интернет-ресурстарды мониторингтеу және бұғаттаудың заманауи тетіктері енгізілді. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету саласында кәмелетке толмағандар және алкогольдік мас күйде жасалған қылмыстардың азайғаны, сондай-ақ қоғамдық орындардағы криминогендік жағдайдың тұрақтанғаны атап өтілді. Жұмыс сапары аясында ішкі істер министрінің орынбасары Жаңаөзен қаласына барып, жедел жағдаймен, қалалық полиция бөлімшесінің қызметімен танысты, жеке құраммен кездесу өткізіп, жұмыстың тиімділігін арттыруға және құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді. Кеңесте сөз сөйлеген министрдің орынбасары департамент жұмысының оң нәтижелерін атап өтіп, профилактикалық қызметті одан әрі күшейту, полиция сервистерін цифрландыру және қылмыстық істерді тергеу сапасын арттыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ жеке құрамға ішкі істер министрі алқада айтқан негізгі талаптар мен қағидаттар жеткізілді. Кеңес қорытындысы бойынша алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалып, қызметтер мен бөлімшелер басшыларына нақты тапсырмалар берілді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті