Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада футбол алаңдарынан бірнеше мәрте телефон ұрлаған азамат ұсталған

Астанада футбол алаңдарынан бірнеше мәрте телефон ұрлаған азамат ұсталған
Фото: polisia.kz

Астанада футбол алаңдарынан бірнеше мәрте телефон ұрлаған азамат ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері футбол алаңдарында жасалған ұрлықтарға қатысы бар 21 жастағы астаналықты ұстады.

Жас жігіттің бір ай ішінде жасалған, футбол алаңдарынан телефондарды ұрлаудың 4 дерегіне қатысы бар екендігі анықталды.

Жасөспірімдер аулаларда футбол ойнап жүргенде, ол қараусыз қалған заттарды байқап, бөтеннің смартфондарын алып кеткен.

Б.Момышұлы даңғылындағы футбол алаңында қаскүнем рюкзактан құны 110 мың теңге тұратын HUAWEI P20 lite телефонын ұрлап кеткен. Кейін ол ұрланған телефондарды ломбардтар мен сатып алушыларға сатқан.

Ұрлықтың барлық деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жас жігіт ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Полиция қызметкерлері ата-аналарға жүгініп, балалардың қоғамдық орындарда гаджеттерді пайдаланған кездегі қауіпсіздік шараларын еске салады. Құқыққа қайшы әрекеттер болған жағдайда полицияға “102” арнасына дереу хабарлау қажеттігін ескертеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды