Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

БҚО-да сот шешімін орындаудан жалтарған шетел азаматы анықталды

БҚО-да рейдтік іс-шаралар барысында сот шешімін орындаудан жалтарған шетел азаматы анықталды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көші-қон заңнамасын бұзған шетел азаматтарын анықтау бойынша жүргізілген рейдтік іс-шаралар нәтижесінде БҚО полиция департаменті көші–қон қызметі басқармасы қызметкерлері 2024 жылы елден шығарылған шетел азаматының Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз жүргенін анықтады. Аталған азамат соттың елден шығару туралы күшіне енген шешіміне қарамастан, елден ерікті түрде шықпаған, сот шешімін әдейі орындамай, құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген. Жедел іс-шаралар барысында оның жүрген жері анықталды. Қазіргі уақытта ол ұсталып, арнайы қабылдау орнына орналастырылды. Алдағы уақытта ол елімізден мәжбүрлі түрде шығарылатын болады. Сондай-ақ өңірде үш күндік рейдттік іс-шаралар аясында көші-қон заңнамасын бұзудың 46 фактісі анықталды. Олардың ішінде тіркеу мерзімдерін өткізіп алу және шетел азаматтарының заңсыз еңбек қызметімен айналысуы.

— Мұндай іс-шаралар республика көлемінде тұрақты түрде өткізіледі. Бұл шара “Заң мен Тәртіп” қағидатын сақтау мен заңсыз көші-қонның алдын алуға бағытталған, — деп атап өтті көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы  Әсел Антазиева. 

Полиция шетел азаматтарының Қазақстан аумағында көші-қон режимін сақтау — олардың міндеті екенін еске салады. Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда, шетелдіктерге қатысты депортациялауға және Қазақстан Республикасына қайта кіруге тыйым салуға дейінгі шаралар қабылданады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады